Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Қазақ тілі 2-класс

Сан есім

Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.

2.Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.

3.Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

тірек-сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз,интерактивті тақта,слайд

сұрақ-жауап, түсіндіру,өз бетімен жұмыс, бірін-бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.

 

аралас

 

І.Ұйымдастыру

1.Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру.

Б. Блум бойынша:

1. Білім

2. Түсінік

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау

6. Бағалау

Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.

 

ІІ.Негізгі бөлім

 

Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау.

Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.

Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.

Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек. Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә), «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ) т.б. сұрақтар қойылады.

 

Түсінік.

Сан есім туралы түсінік беру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар.

Бұғы, ғарышкер, тоғыз, екінші, кітаптар, он бес, таяқ, елу бесінші, үйшік, төртеу.

Неліктен олай топтадыңдар?

Әр сөзге сұрақ қоямыз.

Екінші бағандағы сөздерге қандай сұрақтар қойылды? ( Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)

Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз таптарының бірі «Сан есім». Сан есім дегеніміз не?

Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.

Екі, үшінші сөздеріне ауызша сөйлемдер құрау, сұрақтар қою.

Тірек-сызбамен жұмыс (ауызша)

 

 

Сөз таптары

 

 

 

 

Сын есім

 

 

Тірек-сызбамен жұмыс (жазбаша). Сызба бойынша сөйлем құрап, сан есімнің зат есіммен байланысын көрсету.

 

 

 

 

 

Сан есім

 

Қолдану.

Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.

7-жаттығу (ауызша). Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, берілген сұрақтарға жауап беру, талдау.

 

Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға бірікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

 

Талдау.

Сан есімнің зат есіммен байланысын анықтау.

448-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Сан есімдердің астын сызып, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Шешуі: домбыра.

 

 

Домбыра туралы әңгімелеу.

«Ойнап отыр, ойлап отыр»

Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету.

Кеспе қағаздармен жұмыс. Әр оқушы алдына қағаздар тарату, кеспе қағазда берілген сөздердің ішінен артық сөзді жылдам тауып қай сөз табына жататындығын анықтау.

 

Жинақтау

.

Тест арқылы бірін-бірі бағалау.

1.Заттың санын білдіретін сөз табы –

А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім

2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

А) Қандай? Қай? Ә) Қанша? Неше?Нешінші? Б) Не істеді? Қайтті?

сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бесінші Ә) бес Б) бесеу

4.Сан есімді тап.

А) сана, оқы Ә) жиырма, үш жүз б) биыл, былтыр

Олжас бірінші орын алды.

А) Олжас Ә) бірінші Б) орын В) алды.

 

Ұпай сандарын есептеу.

.Үйге тапсырма

V.Сабақты бекіту.

 

Сабақ барысында әр оқушы қолданатын сабақ картасы:

 

Бөлім

Тапсырма

Ұпай

 

Білім

Өтілген материалдарды қайталау.

 

 

«Иә, жоқ» ойыны

 

Өзін-өзі бағалау

 

Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек. Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә), «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ) т.б. сұрақтар қойылады.

 

Түсінік

Сан есім туралы түсінік беру.

 

 

Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар.

 

Бірін-бірі бағалау

Бұғы, ғарышкер, тоғыз, екінші, кітаптар, он бес, таяқ, елу бесінші, үйшік, төртеу.

 

Қолдану

Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

 

.

 

ұпай

 

 

 

Талдау

Сан есімнің зат есіммен байланысын анықтау.

 

 

Жұмбақты оқып, жатқа жазу.

ұпай

 

1.Сан есімдердің астын сыз.

.

.

 

 

 

Жинақтау

Сан есім туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау

 

 

.

 

бағалау

 

1.Заттың санын білдіретін сөз табы –

А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім

2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

А) Қандай? Қай? Ә) Қанша? Неше?Нешінші? Б) Не істеді? Қайтті?

сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бесінші Ә) бес Б) бесеу

4.Сан есімді тап.

А) сана, оқы Ә) жиырма, үш жүз б) биыл, былтыр

Олжас бірінші орын алды.

А) Олжас Ә) бірінші Б) орын В) алды.

Бағалау

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау

 

Ұпай сандарын есептеп, бағалау

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *