Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары_26

-класс

Негізгі және туынды зат есім

зат есімнің түрлері туралы түсінік беру

Сабақтың міндеті:

1.Негізгі және туынды зат есім туралы түсіндіру және олардың айырмашылығын меңгерту.

2.Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,

байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту.Сөздік қорларын молайту.

3.Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

жаңа білімді меңгерту

көрнекі.

кестелер

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

1.Психологиялық дайындық

Өзімізге: сәттілік, қуаныш!

Қонағымызға: жақсы көңіл-күй!

Елімізге: ашық аспан, молшылық!

 

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

 

3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру.

Б. Блум бойынша:

1. Білім

2. Түсінік

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау

6. Бағалау

Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.

 

ІІ.Негізгі бөлім

Білім

тексеру

не білеміз?

Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Зат есімнің түрлерін ата.

Зат есімнің көпше түріне қандай қосымшалар жалғанады?

 

Түсінік

Негізгі және туынды зат есім туралы түсіндіру

Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Сызбамен жұмыс.

 

 

Зат есім

 

 

Негізгі зат есім Туынды зат есім

Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана,жер, көз. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

 

-шы, -ші, — лық жұрнақтарын пайдаланып туынды зат есім жаса.

Сергіту сәті.

Музыка ырғағымен билеу.

 

Қолдану

Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасай білуге үйрету.

. 22 — жаттығу

1.Берілген негізгі зат есімдерден жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жаса.

2.Әр сөзге сұрақ қойып, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндір.

3. Туынды зат есімдерді пайдаланып сөйлемдер құра.

 

Талдау

Туынды зат есімдерді сөз құрамына талдай білуге үйрету.

1.Сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда.

2.Түбір сөзге сұрақ қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықта.

3.Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлемдер құра.

Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық.

 

Жинақтау

Негізгі және туынды зат есімнің түрлері туралы білімдерін жинақтау, қорыту.

Сурет бойынша әңгіме құрап жаз және әңгімеге ат қой.

ІІІ.Сабақты қорытындылау.

Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

Негізгі зат есім дегеніміз не?

Туынды зат есім қалай жасалады?

Ұпай сандарын есептеу.

ІV.Үйге тапсырма

V. Сабақты бекіту

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *