Қазақтың үш бәйтерегі

№ 1 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Кітапханалық сабақ

 

Қазақтың үш бәйтерегі

 

 

 

 

 

 

Шакибаева Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

2014

 

 

Қазақтың «Үш бәйтерегі»

ақсаты:

1. “Үш бәйтерек” жайлы мәлімет бере отырып, олардың өмірі мен еңбектерімен таныстыру.

.

Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.

.

Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген  Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады.

Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. 1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқыған.

 

Бейімбет Майлин (1894-1938)

“Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті“.

Ғабит Мүсірепов

Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімнен  сабақ алады. Содан кейін 16—18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды.

Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды.

Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады. 

Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин,

, әсерлі де қызықты бола түседі. 

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

“Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортада солған жылдар. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті”.

М.Әуезов

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.

Сәкен Сейфуллин — қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.

«Қазақ әдебиеті» кітабы — осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.

Сәкен Сейфуллин

С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет  Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс — әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.

«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *